«Біртұтас тәрбие» – еліміздің білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоба! 

«Біртұтас тәрбие» жобасы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған. Бұл бағдарлама жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, отансүйгіштік сезімін ояту, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау және насихаттауды қамтиды.